26 мамыр 2023 09:38

Абай облысындағы ірі өрт салдары ғарыштан көрсетілді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото gharysh_sapary. Фото gharysh_sapary.

Ұлттық ғарыш орталығы Қазақстан мен Ресей шекарасындағы орман өртінің суреттерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық ғарыш орталығы Қазақстан мен Ресей шекарасындағы орман өртінің суреттерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ғарыштан түсірілген суреттерден Абай облысындағы өртке оранған бүкіл аумақты көруге болады. Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі өрттің жалпы аумағы 3500 гектарға жуық екенін хабарлаған болатын.

25 мамырда кешке Абай облысы аумағындағы орман өрті ауыздықталды.

Қауіп өте жоғары - Смайылов Абай облысындағы өрт туралы

25 мамырда премьер-министр Әлихан Смайылов Абай ауданындағы орман өртінің қаупі туралы айтты.

"Көріп отырғанымыздай, қауіп өте жоғары. Ең бастысы, елді мекендерге қатер төніп тұрған жоқ. Өрт толық бақылауға алынды. Енді оны оқшаулап, толығымен сөндіру керек. Бұл - әкімдік пен Төтенше жағдайлар және Экология министрліктерінің ортақ міндеті", - деді Әлихан Смайылов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети