25 мамыр 2023 09:45

Қауіп өте жоғары - Смайылов Абай облысындағы өрт туралы

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/oo_osa_semey_vko © instagram/oo_osa_semey_vko

Премьер-министр Әлихан Смайылов Абай облысындағы орман өртінің қаупі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Премьер-министр Әлихан Смайылов Абай облысындағы орман өртінің қаупі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

25 мамырдағы жағдай бойынша облыстағы жағдай ерекше бақылауда, өрт әзірге оқшауланған жоқ. Өртті сөндіру жұмыстары желдің салдарынан қиындап тұр.

"Көріп отырғанымыздай, қауіп өте жоғары. Ең бастысы, елді мекендерге қатер төніп тұрған жоқ. Өрт толық бақылауға алынды. Енді оны оқшаулап, толығымен сөндіру керек. Бұл - әкімдік пен Төтенше жағдайлар және Экология министрліктерінің ортақ міндеті", - деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ, Смайылов Абай облысына өрт сөндіру күштері мен техникаларын жіберіп, көмек көрсеткен өңірлерге Үкіметтің атынан алғысын білдірді.

"Экология министрлігі Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, өрт ошақтарын толығымен жойып, келтірілген залалды бағалау үшін "Семей орманы" резерватының аумағына тексеру жұмыстарын жүргізуі қажет", - деді Үкімет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети