08 қараша 2022 15:22

Абай орталығына Президент атынан сыйлық табысталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысындағы Абай орталығына автобус сыйлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысындағы Абай орталығына автобус сыйлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Атырау облысына жұмыс сапары аясында Абай атындағы орталықтың жұмысымен таныысып, белгілі тұлғалардың домбырыларынан жасақталған көшпелі көрмені тамашалады.

Көрмеге Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорында сақталған Абай Құнанбайұлы, Дина Нұрпейісова, Махамбет Өтемісұлы сынды тарихи тұлғалардың, белгілі ғалым Ақселеу Сейдімбектің, композитор, жазушы Ілия Жақановтың, Нұрғиса Тілендиевтің, Рысбай Ғабдиевтің, Қаршыға Ахмедияровтың, Әзидолла Есқалиевтің, Әсима Ізмұхамбетованың, Айгүл Үлкенбаеваның және басқа да өнер қайраткерлерінің домбыралары қойылған. Абай орталығында оқушылардың үйірмелерге қатысып, өнер түрлерін үйренуіне жан-жақты жағдай жасалған. Президент "JasSpace" STEM зертханасында жасалған жобалармен, бұйымдармен танысты. Сондай-ақ бір топ жас домбырашы Құрманғазының "Балбырауын" күйін орындады.

"Бәрекелді! Қадыр Мырза-Әлі ағамыз айтқандай, "Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра". Сондықтан нағыз қазақ әрқашан осындай болуы керек!" - деді Президент.

Сондай-ақ, өскелең ұрпақты өнер-білімге баулитын Абай орталығына Президент атынан автобус тарту етілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети