Әбдібеков өңірдегі жемқорлық әділетті тергеледі деп үміттенеді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Нұрмұхамбет Әбдібеков. ©ekaraganda.kz Нұрмұхамбет Әбдібеков. ©ekaraganda.kz

Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков журналистермен кездесу кезінде қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деп айыпталған әріптестері үшін уайымдайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, Қарағанды облысында үлкен дау-дамай туындады. Алты бірдей мемлекеттік қызметкерге сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасады деген күдік келді, олардың арасында аймақ пен облыс орталығының бұрынғы басшылары, аудан әкімінің орынбасары және әкімдіктің бөлім басшылары бар. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков журналистермен кездесу кезінде қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деп айыпталған әріптестері үшін уайымдайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, Қарағанды облысында үлкен дау-дамай туындады. Алты бірдей мемлекеттік қызметкерге сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасады деген күдік келді, олардың арасында аймақ пен облыс орталығының бұрынғы басшылары, аудан әкімінің орынбасары және әкімдіктің бөлім басшылары бар. 

Әбдібеков "тергеудің әділ жүргізілетініне және ешкімнің негізсіз айыпталмайтынына" үміт білдірді. "Мен әкім ретінде бұл оқиғалардан тыс қала алмаймын. Бұл келеңсіз жағдайды күйзеле отырып қадағалайтын боламын, өйткені қылмыстық істің барлық фигуранты - менің әріптестерім. Мен олардың жағдайына алаңдаймын және құқық қорғау органдары мән-жайды анықтайды деп үміттенемін де, сенемін де", - деді ол. Солай дегенімен, облыс әкімі Қарағанды өңірінің бірқатар саласында жағдайдың қанағаттанарлық емес екенін атап өтті. "Мемлекет басшысының біздің өңірге қатысты қатал сыны әділетті болды. Қазіргі уақытта біз барлық ескертпелер бойынша жұмыс істеп жатырмыз", - деді ол. Еске сала кетейік, 30 тамыз күні Қазақстан Президенті Қарағанды облысына жасаған сапары барысында аймақ басшылығының атына сын айтқан болатын.

23 қыркүйек күні Қарағанды облысының бұрынғы әкімі қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды. Содан кейін Қарағандының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұлов пен қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Ернар Дәрібеков тұтқындалды. Қарағанды қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Мұхтар Адамбеков, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автожолдар бөлімінің бұрынғы басшысы Айдос Жәкенов пен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Марлен Шалтақов та ұсталды.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.92  course up  603.08  course up  6.66  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer