Әблязовтің кепілақымен босату туралы өтініші қанағаттандырылмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әблязовтің кепілақымен босату туралы өтініші қанағаттандырылмады © Ярослав Радловский

Лион аппелляциялық соты 7 қазанда "БТА Банк" бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтың кепілақымен босату туралы өтініші қанағаттандырылмады.  Бұл туралы "Экономическая правда" басылымы "Ильяшев и Партнеры" заңгерлік фирмасына сілтеме жасап хабарлайды. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лион аппелляциялық соты 7 қазанда "БТА Банк" бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтың кепілақымен босату туралы өтініші қанағаттандырылмады.  Бұл туралы "Экономическая правда" басылымы "Ильяшев и Партнеры" заңгерлік фирмасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Еске салайық, Франция соты осыған дейін де Мұхтар Әблязовтың кепілақымен босату туралы өтініші қанағаттандырмаған болатын. 

Әблязов Ресейге немесе Украинаға экстрадициялануы мүмкін. Экс-банкирді Ресейге экстрадициялау туралы құжатқа 17 қыркүйекте Францияның премьер-министрі Мануэль Вальс қол қойған. Қашқын банкирді экстрадициялау туралы өтінішті Украина да білдірген болатын. Ресейде бұрынғы банкирге алаяқтық, жалған құжаттар әзірлеу, лауазымын асыра пайдалану, бес миллиард долларды жымқыру сияқты көптеген заңбұзушылық жасады деген айып тағылды.

Еске сала кетейік, Мұхтар Әблязов 2013 жылы жазда Францияда ұсталып, әлі күнге дейін қамауда отыр. 2014 жылдың қаңтарында төменгі инстанциядағы сот оны экстрадициялауды қолдады, бірақ сәуір айында кассациялық сот бұл шешімнің күшін жойды. Іс Лионның апелляциялық сотында қаралды, ол да банкирді беру туралы сұранымды қанағаттандыруды ұсынып, Ресейге басымдық берілетінін мәлімдеді.

Ресейде бұрынғы банкирге алаяқтық, жалған құжаттар әзірлеу, лауазымын асыра пайдалану, бес миллиард долларды жымқыру сияқты көптеген заңбұзушылық жасады деген айып тағылды. Қазақстанда Мұхтар Әблязов 6 миллиард доллардан астам соманың қаржылық алаяқтығын жасады деп айыпталды. Ол өз отанында мүлкін тәркілеумен бірге 13 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети