БТА банкінің өкілдері Франция сотының Мұхтар Әблязовтың экстрадициялануын тоқтатуы туралы түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
БТА банкінің өкілдері Франция сотының Мұхтар Әблязовтың экстрадициялануын тоқтатуы туралы түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Франция Жоғарғы сотының шешіміне сәйкес, экстрадициялау туралы шешімнен бас тартылуының негізгі және жалғыз себебі - соттың ұйымдастыру қызметіндегі қателігі, ресми хаттамада Әблязовтың қолы қойылмаған, бұл қателік сот құрамындағы елеусіз өзгерістердің нәтижесінде экстрадициялау туралы сұрау салуды қайтадан кері қайтаруға себеп болды. Ұйымдастырудағы қателіктің мәжбүрлі нәтижесі экстрадициялау туралы шешімді тоқтату болды, бірақ ол бұрын Экс-ан-Прованстың апелляциялық соты шығарған шешімдердің себептері мен мәніне ешқалай қарсы болмайды және әсер етпейді", - деп мәлімдеді Францияда банктің мүддесін қорғаушы заңгер-кеңесші Антони Леви.
БТА банкі өкілінің пікірінше, жаңа сот бірнеше апта ішінде өз шешімін жария етуі мүмкін. "Сот төрелігінен тағы да қашып кетпеуі үшін Әблязов тұтқында бола береді. Банк Әблязовтың сот алдында, ең болмағанда, банкке қарсы жасаған кейбір ірі қылмыстары бойынша жауап беруі үшін бар күшін салады", - делінген таратылған хабарламада.
Еске салайық, 9 сәуір күні Франция сотының Әблязовтың Ресейге немесе Украинаға экстрадициялануы туралы шешімді тоқтатқаны хабарланған еді. Бұл мәселе енді Лиондағы сотта тағы қаралады. Франция соты Ресей мен Украинаның оны экстрадициялау туралы қатынас хатын қаңтар айының басында қанағаттандырған болатын. Әсіресе, Ресейге басымдық берілді.