Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Франция соты Әблязовты экстрадициялауды тоқтатты

09 Сәуір 2014, 19:56
0
Мұхтар Әблязов. Фото ©Ярослав Радловский
Мұхтар Әблязов. Фото ©Ярослав Радловский

Францияның кассациялық соты БТА банкінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовті Ресейге немесе Украинаға экстрадициялау туралы шешімді тоқтатып тастады, - деп хабарлайды AFP.  Енді оны беру мәселесі Лионда тағы қаралады.

Қаңтардың басында Франция соты Ресей мен Украинаның қатынас хатын қанағаттандырып, БТА банкінің экс-басшысын экстрадициялау туралы шешім қабылдаған болатын. Ол кезде Ресейге басымдық берілген еді. Әблязовтің адвокаттары француз сотының шешіміне қатысты екі шағым келтірді. Қашып жүрген банкирдің Франциядан саяси пана сұрау мүмкіндігі бары туралы да ақпарат тараған еді. Бірақ оның адвокаты Марк Фейгиннің айтуынша, Әблязов өзін экстрадициялау туралы қаулының күші жойылса ғана Франциядан саяси пана сұрайды.

Еске сала кетейік, БТА банкінің бұрынғы басшысы 2013 жылдың шілде айында Францияда тұтқындалған болатын. Ол Қазақстанда 6 млрд доллардан астам қаржыны жымқырды және басқа да қаржылық алаяқтық жасады деп айыпталып отыр. Қазақстанда оған мүлкін тәркілеумен бірге 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.

 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай