21 ақпан 2024 17:40

"Адам басына 10 мың доллар". Қазақстандық қыздар құлдыққа түсіп қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Екі қазақстандық азаматша Таиландтағы джунглиде құлдықта болған, - деп хабарлайды Massaget.kz.


Екі қазақстандық азаматша Таиландтағы джунглиде құлдықта болған, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

"Осы жылы қаңтардың соңында Таиландтағы консулдықтың WhatsApp нөміріне хабарлама келді. Онда "Мен Қазақстан азаматымын. Қай мемлекет екенін білмеймін, джунглидің ішінде құлдыққа түсіп қалдым, көмектесіңіздер" деп жазылған. Дереу анықтай бастадық. Сөйтсек біздің екі азакматшамыз құлдыққа түсіп қалған. Ең қызығы екеуінің де жоғары білімі бар, бірнеше тіл біледі. Интернеттен хабарламаны көріп, алданып қалған. Әр адам басына 10 мың доллардан ақша сұраған. Жергілікті билікпен жұмыс істеп, бір айда екі азаматша құтқарылды. Қазіргі таңда олар елге келе жатыр", - дейді СІМ өкілі Айбек Смадияров.

Оның сөзінше, қыздарды құлдықта ұстағандарға бірде-бір теңге берілмей құтқарылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети