Әділ Джанзақов Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Протоколының басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.
Әділ Джанзақов Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Протоколының басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен Әділ Болатұлы Джанзақов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Протоколының бастығы қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.
Ал Арслан Дәндібаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Тұңғыш Президент протоколының басшысы қызметінен босатылды.
Әділ Жанзақов 1990 жылы 1 маусымда Қостанай облысында дүниеге келген.
2012 жылы Қазақстандық менеджмент, экономика және болжамдау институтын (ҚМЭБИ); 2014 жылы - Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін тәмамдаған.
2012 жылдан 2013 жылға дейін Президент іс басқармасының "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы" РМК-ның түрлі құрылымында жұмыс істеген.
2014-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінде жұмыс істеді.
2018-2019 жылдары Президент ісі басқарушысының кеңесшісі болды.
2019-2021 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы шефапротоколының орынбасары болып жұмыс істеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!