05 мамыр 2021 12:43

Арслан Дәндібаев Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арслан Дандыбаев. Арслан Дандыбаев.

Арслан Дәндібаев Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Арслан Дәндібаев Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аймақ әкімінің өкімімен Арслан Дәндібаев Әли Рустам қызмет еткен лауазымға тағайындалды. Әли Рустам басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Арслан Дәндібаев 1975 жылы дүниеге келген. Алматыдағы Абай атындағы мемлекеттік университетті "Халықаралық қатынастар маманы, референт" мамандығы бойынша тәмамдаған. Ол мерейтойлық медальдар мен ҚР Құрмет грамотасының иегері.

Еңбек жолы:

1997-1999 жылдары - ҚР Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің маманы, атташесі.
1999-2002 жылдары - ҚР Стамбул қаласындағы Консулдығының атташесі.
2002-2003 жылдары - ҚР Түркия Республикасындағы Елшілігінің атташесі, Анкара қаласы.
2003-2005 жылдары - ҚР Амстердам қаласындағы Бас консулдығының вице-консулы.
2005 жылы - ҚР Нидерланд Корольдігіндегі Дипломатиялық миссиясының екінші хатшысы, бірінші хатшысы, Гаага қаласы.
2005-2006 жылдары - ҚР Түркия Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы, Анкара қаласы.
2006 жылы - ҚР Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметі Мемлекеттік және үкіметтік сапарлар бөлімінің бастығы.
2006-2009 жылдары - ҚР Президенті Протоколының бас сарапшысы, консультанты.
2009-2012 жылдары - ҚР Стамбул қаласындағы Бас консулдығының кеңесшісі.
2012-2014 жылдары - ҚР Стамбул қаласындағы Бас консулы.
2014-2017 жылдары - ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы.
2017 жылы - "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ Протокол қызметінің басшысы.
2017-2018 жылдары - ҚР Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол қызметінің басшысы.
2018-2019 жылдары - ҚР Президенті Протоколы басшысының орынбасары.
2019 жылы - ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Протоколының басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети