Әділбек Жақсыбеков Астана әкімі қызметінде қалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әділбек Жақсыбеков Астана әкімі қызметінде қалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Астана ЭКСПО-2017" ҰК басшысының қызметін Әділбек Жақсыбеков елорда әкімі қызметімен қатар атқарады", - деп хабарлады әкімнің баспасөз хатшысы Сәуле Смағұлова.
2015 жылдың 10 маусымында Мемлекет басшысының өкімімен Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков "Астана ЭКСПО - 2017" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалған болатын. ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Әділбек Жақсыбековті "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының ұжымымен таныстырды.
Оған дейін Талғат Ермегияев "Астана ЭКСПО - 2017" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметінен босатылды. Ол компанияны 2013 жылдың қаңтарынан бері басқарды.