Адвокат Бишімбаевтың қалайша түрмеден ерте шыққанын айтты

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Адвокат Бишімбаевтың қалайша түрмеден ерте шыққанын айтты

Ұлттық экономика министрлігінің бұрынғы басшысы Қуандық Бишімбаев шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық экономика министрлігінің бұрынғы басшысы Қуандық Бишімбаев шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның адвокаты Сейіт Рахманов Қуандық Бишімбаев шартты түрде мерзімінен бұрын босау туралы құқын пайдаланғанын түсіндірді. Мұны тілшімізге Шымкент қаласы Абай аудандық сот төрағасының хатшысы Азат Өтегенов те дәлелдеді. 

"Қуандық Бишімбаев жазасын жеңілдету туралы өтішін жазды. Ол 25 қыркүйекте қаралып, заңды күшіне бүгіннен бастап енді. Өтініш 167/3 Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне жіберілді", - деді ол.

Мұның алдында Қуандық Бишімбаевтың бостандыққа шыққаны мәлім болған. Ол 2018 жылдың наурызында 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Бишімбаев пара алғаны және ақша ұрлағаны үшін кінәлі деп танылған. Сот төрт айдан астам уақытқа созылды. Бишімбаевпен бірге тағы 22 адамның ісі қаралған еді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети