11 қазан 2019 14:46

Қуандық Бишімбаев бостандыққа шықты

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Тұрар Қазанғапов Сурет: Тұрар Қазанғапов

Ұлттық экономиканың экс-министрі Қуандық Бишімбаев бостандыққа шықты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне оның қорғаушысы Мәди Мырзағараев хабарлады.


Ұлттық экономиканың экс-министрі Қуандық Бишімбаев бостандыққа шықты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне оның қорғаушысы Мәди Мырзағараев хабарлады.

2018 жылдың наурызында Ұлттық экономика министрлігінің бұрынғы басшысы Қуандық Бишімбаев 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол пара алғаны және ақша ұрлағаны үшін кінәлі деп танылған. 

Сот төрт айдан астам уақытқа созылды. Бишімбаевпен бірге тағы 22 адамның ісі қаралған, олар: "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ-ның бұрынғы қызметкерлері, кәсіпкерлер мен құрылыс компанияларының өкілдері.

2019 жылы ақпанда Бишімбаев Шымкент қаласындағы орта қауіпсіздік мекемесіне ауыстырылған.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети