Адвокат: Денис Тен тапсырыспен өлтірілді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қорғаушы тарап Денис Теннің тапсырыспен өлтірілгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қорғаушы тарап Денис Теннің тапсырыспен өлтірілгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денис Теннің өлімі бойынша сот отырысы Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатыр.

Оксана Теннің адвокаты Нұрлан Үстеміров істі прокурорға жолдау туралы өтініш білдірді.

"Іс материалдарымен танысу барысында қарама-қайшылықтарға назар аудардық -  үйлеспейтін 14 қарама-қайшылық анықталды. Сондықтан біз осы істегі басқа да қатысушыларды, оларға көмектескендерді, өлімді кімнің ұйымдастырғанын анықтау үшін істі прокуратураға жолдау керек деп санаймыз. Сондай-ақ, істі бөлек өндіріске алуы үшін. Мұндағы мәселе - дәлелдерге назар аударылып жатқан жоқ", - деді адвокат.

Денис Теннің өлімі бойынша сот отырысы басталды

Осы іс бойынша сот алдына Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов пен Жанар Толыбаева келді.

Арман Құдайбергенов ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі 2-тармағы ("Ұрлық") бойынша, 192-баптың 2-бөлігі 1,4-тармақтары ("Қарақшылық") бойынша, 99-баптың 2-бөлігі 7,8-тармақтары ("Адам өлтiру") бойынша айыпталып жатыр. 

Нұралы Қиясов ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігі 1, 4 -тармақтары ("Ұрлық") бойынша, 99-баптың 2-бөлігі 7,8-тармақтары ("Адам өлтiру") бойынша айыпталып жатыр.

Жанар Толыбаева ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі 1-тармағы ("Ұрлық") бойынша және 434-бап бойынша ("Қылмыс туралы хабарламау") айыпталып жатыр.

Қылмыстық іс 38 томнан тұрады.

Еске салайық, биыл 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Алматыда Денис Теннің құрметіне ескерткіш тақта орнатылды

Кейінірек Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында даңқты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің құрметіне ескерткіш орнатылатыны хабарланған еді. Сондай-ақ, оған "Халық қаhарманы" атағын беру ұсынылған болатын.

Сондай-ақ, мұның алдында ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Денис Теннің өлімі бойынша жүргізілген тергеудің аяқталғанын мәлімдеген еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 511.01  course up  530.45  course up  5.23  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer