Алматыда Денис Теннің құрметіне ескерткіш тақта орнатылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Теннің құрметіне ескерткіш тақта орнатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Теннің құрметіне ескерткіш тақта орнатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тақта Назарбаев даңғылында спортшы тұрған үйдің алдында орнатылды.

Ескерткіш тақтаның ашылу салтанатына КСРО еңбек сіңірген бапкері, КСРО-ның халықаралық санаттағы спорт шебері Татьяна Тарасова мен ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Елена Радионова келді.

Айта кетейік, Татьяна Тарасова Денис Тенді 2003-2010 жылдар аралығында жаттықтырған болатын. Бұл оның Қазақстанға алғашқы сапары екен.

"Ол - ұлы адам. Осы елдің даңқын шығарғысы келді. Бірақ ол өзі осы елде қайтыс болды. Оның өнерін тамашалаған миллиондаған адам картадан Қазақстанды іздеді. Қазақстанның қайда орналасқанын барлығы да біле бермейтін. Барлығы осы елді Денис Тен арқылы білді. Ол халқының ұлы адамы. Дениспен жұмыс істеген мен бақыттымын. Ол үздік спортшы болатын. Бала кезінен ерекшелігімен көрінетін. (...)", - деді Тарасова.


©Tengrinews.kz

Еске сала кетейік, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Кейінірек Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында даңқты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің құрметіне ескерткіш орнатылатыны хабарланған еді. Сондай-ақ, оған "Халық қаhарманы" атағын беру ұсынылған болатын.

Сондай-ақ, мұның алдында ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Денис Теннің өлімі бойынша жүргізілген тергеудің аяқталғанын мәлімдеген еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 511.01  course up  530.45  course up  5.23  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer