24 ақпан 2020 11:00

Ахметов Зайсандағы жағдайдан кейін аудан әкімін ауыстырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серік Зайнулдин Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Egemen.kz басылымы.


Серік Зайнулдин Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Egemen.kz басылымы.

Облыс әкімі Даниал Ахиметов Серік Зайнулдинді ресми түрде таныстырды.

"Қиын әңгіме болды". Даниал Ахметов наразы жұртпен қандай келісімге келді?

Осыған дейін бұл қызметте Серік Ақтанов болған еді.

Зайнулдин Серік Зинабекұлы 1964 жылғы 25 ақпанда Зайсан ауданының Зайсан қаласында туған. 1981 жылы Айнабұлақ орта мектебін тәмамдады. 1981-1986 жылдары Семей зооветеринарлық институты зоотехникалық факультетінің студенті. 1986-1991 жылдары Зайсан ауданындағы "Айнабұлақ" кеңшарында бас зоотехник болып жұмыс істеді. 1991-1993 жылдары "Айнабұлақ" кеңшарының директоры, 1997 жылға дейін аудандық ауылшаруашылық басқармасының бастығы. 1997-2004 жылдары Серік Зинабекұлы Зайсан ауданы әкімінің ауыл шаруашылығы, құрылыс және тұрғын үй-коммуналды шаруашылық мәселелеріне басшылық ететін орынбасары, 2004-2005 жылдары Зайсан ауданы әкімінің міндетін атқарушы қызметінде болды.

2007-2010 жылдары Катонқарағай ауданының әкімі, 2010 – 2013 жылдары Зайсан ауданының әкімі қызметтерін атқарды. 2013 жылдың 28 маусымында Үржар ауданының әкімі болып тағайындалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети