Желіде "мас" депутаттың видеосы таралып, оған "Ақ жол" партиясы өкілдері пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Желіде "мас" депутаттың видеосы таралып, оған "Ақ жол" партиясы өкілдері пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде тараған видеода Мәжіліс депутаты ретінде тіркеуге ұсынылған "Ақжол" партиясының депутаты Қазыбек Иса түсірілген.
"Мас Қазыбек Иса. "Ақ жол" партиясынан жаңа депутат. Бірінші жұмыс күні ішуден басталды. Міне, Үкімет, міне Парламент. Бүгін депутаттар Хилтон қонақүйіне орналастырылды. Бюджеттен 28 миллион теңге бөлінді", - делінген видео сипаттамасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Видеоға қарағанда, әйелдер депутатпен әңгімелескен.
"Сіздің есіміңіз кім? Жұмыстан келе жатырсыздар ма?" деп сұрайды әйелдер.
"Иә, жұмыстан", - деп жауап береді ер адам.
"Жұмыстарыңызда той болды ма? Сізден ішімдіктің иісі шығып тұр. Сіз депутатсыз ғой иә?", - дейді әйелдердің бірі.
Сосын Қазыбек Иса видеода ертең ғана депутат болатынын айтты.
"Сіз мандат алдыңыз ба, жоқ па?", - деп тағы сұрайды әйелдердің бірі.
"Мұны халық шешеді", - деп жауап берді депутат.
Кейін ғимарат қызметкерлері депутатты алып кетуге асығады.
"Ақжол" партиясының төрағасы Азат Перуашев әріптесі түсіп қалған видеоға қатысты пікір білдірді.
"Бүгін таңертең әріптесіміз Қазыбек Исамен видео жөнінде фракция мәжілісі өтті. Қазыбек видеодағы жағдайын соңғы күндері қатты шаршағанымен, қысымы 200-ге дейін жоғарылауымен, сондай-ақ омыртқа жарығы салдарынан ауырсынуды басатын дәрілерді қабылдауымен түсіндірді.
Ол растайтын медициналық құжаттарды ұсынатынын айтты. Комиссия төрағасына (А.Линник) жағдайды мұқият зерттеп, өз қорытындысын шығаруды тапсырдым", - деді Перуашев.
Сондай-ақ, партия төрағасы одан партиялық комиссияға түсініктеме дайындауды талап еткенін айтты.
Еске салайық, мұның алдында "Ақ жол" партиясынан 12 адамнан тұратын тізім жарияланып, оларды Мәжіліс депутаттары ретінде тіркеуге ұсынылған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!