26 шілде 2020 09:18

Академик Кенжеғали Сағадиев қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото old.abai.kz сайтынан Фото old.abai.kz сайтынан

Қазақстандық экономист әрі қоғам қайраткері Кенжеғали Сағадиев 82 жасында қайтыс болды. 25 шілдеде оның жүрегі тоқтаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық экономист әрі қоғам қайраткері Кенжеғали Сағадиев 82 жасында қайтыс болды. 25 шілдеде оның жүрегі тоқтаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өкінішке қарай, жаппай тараған ауру біздің отбасымызға да жетті. Оны танитындардың бәрі оның терең ой-өрісін, жан дүниесін және жақын адамдарына деген қамқорлығын жақсы біледі. Өте жақсы өмір сүрген ұлы адам", - деді оның отбасы.

Олар жерлеу рәсіміне тек отбасы мүшелері қатысатынын айтты. Кенжеғали Сағадиевті еске алуға арналған басқа іс-шаралар 2021 жылы 25 шілдеде өтеді. Бұл оның өсиеті екен.

Кенжеғали Сағадиев - көрнекті ғалым-экономист, профессор, Қазақстан Республикасына ғылым мен техника саласында еңбек сіңірген қайраткер. 445-тен аса ғылыми жұмыстың, оның ішінде 20 монография мен оқулықтың авторы.

Әр уақытта ол Қазақстанның 5 ірі жоғары оқу орнын басқарған. Ұлттық ғылым академиясының бас ғылыми хатшысы және президенті болып сайланған.

2012 жылдан 2014 жылға дейін Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттіктің директорлар кеңесінің төрағасы болған.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің үшінші (2004-2007 ж.) және төртінші (2007-2011 ж.) шақырылымында депутат болып сайланған, Парламент Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болған (2004-2007 ж.).

Кенжеғали Сағадиев - бұрынғы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің әкесі.

Tengrinews.kz редакциясы ғалымның отбасы мен жақындарына көңіл айтады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети