Әкімдік өкілдері алтын алқадан бас тартқан әйелдердің наразылығына жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әкімдік өкілдері алтын алқадан бас тартқан әйелдердің наразылығына жауап берді Видеодан алынған кадр

Талдықорған әкімдігінің өкілдері көпбалалы әйелдерің баспана алуға қатысты наразылығына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорған әкімдігінің өкілдері көпбалалы әйелдерің баспана алуға қатысты наразылығына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қараша айының басында көпбалалы әйелдер Талдықорған әкімдігіндегілерге ондаған жыл бойы баспана алу үшін кезекте тұрғанын айтқан. Осы өтініштерден кейін қала әкімінің тапсырмасымен осы мәселемен айналысатын арнайы жұмыс тобы құрылған.

Кейінірек Талдықорған әкімі Дастан Шалтабаев көпбалалы әйелдердің өзімен кездесті.

"Маған көпбалалы әйелдер келген соң менің тапсырмам бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды. Ол топта менің орынбасарларым, әкімдік бөлімшелерінің басшылары мен басқа да уәкілетті органдардың қызметкерлері болды. Бүгін жұмыс тобы жұмысын аяқтып, есеп беруге дайын", - деді әкім.

Әкімдіктегілердің айутынша, бірнеше әйел өздерінің тұрғын үй жағдайын әдейі нашарлатқан.

"Мысалы, "Күміс алқа" мен "Алтын алқадан" бас тартып отырған Динара Мәстекова есімді тұрғынның тұрғын үй алу үшін кезекке тұрмас бұрын және тұрғаннан кейін өзінің иелігінде бірнеше жылжымайтын мүлік болған: пәтерлер, жер учаскелері мен коммерциялық нысан. ҚР Заңнамасына сәйкес, оның кезекке тұру құқығы жоқ.

Мадина Тауырбаева, Жанар Бейсенбаева, Эльмира Смағұлова мен Айгүл Исаева есімді көпбалалы әйелдер мемлекеттік қордан пәтер алды және қазіргі уақытта биліктегілер берген пәтерлерде тұрып жатыр. Ал қалған әйелдерге пәтер алу тәртібі түсіндірілді", - дейді әкімдіктегілер.

Прокуратура мен Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменттің өкілдері кезектегі әрбір әйелдің сауалына жауап берілетінін айтып өтті.

Еске сала кетейік, мұның алдында Алматы облысында көпбалалы әйелдердің алтын алқаларынан бас тартып, шу шығарғаны хабарланған болатын. "Бұндай құрметтің керегі жоқ. Сайтында 130-шы боп тұрмын. Ал ХҚКО-ға барам 258-ші боп тұрсың дейді. Кейін өз қолдарымен түзеп берді", - деген едіі көпбалалы аналардың бірі Айнагүл Тоқпанбетова.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети