22 маусым 2022 11:22

Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі: Нигерия азаматы Қазақстанға экстрадицияланады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Ішкі істер министрлігі Қытайда жазасын өтеп жатқан Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты Нигерия азаматын Қазақстанға экстрадицияланатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ішкі істер министрлігі Қытайда жазасын өтеп жатқан Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты Нигерия азаматын Қазақстанға экстрадицияланатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"20 маусымда Нигерияда Интерполдың Қазақстан Республикасы ІІМ-дегі Ұлттық Орталық бюросының сұрауы бойынша ҚР ҚК 259-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыс (есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Адиндо Нонсо Фортуне ұсталды.

Қазіргі уақытта оны қамауда ұстау және Қазақстанға одан әрі экстрадициялау туралы процестік шешім қабылдау мақсатында қажетті материалдар Интерполдың Нигерия ҰОБ-на жолданды", - деді ІІМ-нің баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, бұған дейін Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты Сұңқар Нұрмағамбет қорғауындағы қазақстандықтың Қытайға сапарын ұйымдастырды деп күдікке ілінген нигериялықтың ұсталғаны туралы айтқан болатын.

Қытай Ақжарқын Тұрлыбайды экстрадициялай ма? Заңгер түсіндірді

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети