Ақкөл әкімдігі 2,5 миллион теңгеге салынған "киіну бөлмесіне" қатысты пікір білдірді

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақкөл әкімдігі 2,5 миллион теңгеге салынған "киіну бөлмесіне" қатысты пікір білдірді Фото Дидар Смағұлов/Facebook

Ақмола облысы Ақкөл қаласының әкімдігі қалалық стадионның киім ауыстыратын бөлмесіне қатысты пікір білдірді. Бұған дейін "Әділдік жолы" қоғамдық қорының директоры Дидар Смағұлов оны "қораға" ұқсас және балаларға жарамсыз деген болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысы Ақкөл қаласының әкімдігі қалалық стадионның киім ауыстыратын бөлмесіне қатысты пікір білдірді. Бұған дейін "Әділдік жолы" қоғамдық қорының директоры Дидар Смағұлов оны "қораға" ұқсас және балаларға жарамсыз деген болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Град Строй Сервис" ЖШС (Шымкент) құрылыс компаниясымен жасалған негізгі келісімшарт бойынша жобалық-сметалық құжаттама негізінде тек футбол төсемін жасанды абаттандыруды және жүгіру жолының тартан жабындысын төсеу жұмыстары жоспарланған болатын.

Киім ауыстыратын бөлмені орнату қосымша келісіммен енгізілген, бірақ қаржыландырудың болмауынан жұмыс аяқталмады. Актіге қол қойылғанға дейін бөлмені пайдалануға болмайды", - деді әкімдік өкілдері.

Баспасөз қызметі өкілдері нысанға қызмет көрсету кепілдігі 2023 жылға дейін жарамды екенін және мердігер қыркүйекке дейін кемшіліктерді жоятынын айтты.

Айта кетейік, Дидар Смағұлов стадионды қайта жөндеуге 60 миллион теңге жұмсалғанын, футбол, баскетбол алаңы мен жүгіру жолын жабу сапасы мақсатына сай келмейтінін айтты.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары Ақмола облысы Ақкөл қаласы стадионының жаңа "киіну бөлмесіне" наразы болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети