26 шілде 2022 11:01

Ақмола облысында 2,5 миллион теңгеге салынған "киіну бөлмесі" жұртты ашуландырды

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Дидар Смағұлов/Facebook Фото Дидар Смағұлов/Facebook

Әлеуметтік желі қолданушыларын Ақмола облысы Ақкөл қаласы стадионының жаңа "киіну бөлмесі" ашуландырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желі қолданушыларын Ақмола облысы Ақкөл қаласы стадионының жаңа "киіну бөлмесі" ашуландырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық тестілеу орталығының бұрынғы басшысы, "Әділдік жолы" қоғамдық қорының директоры Дидар Смағұлов әлеуметтік желіде 2,5 миллион теңгеге салынды деген Ақкөл стадионындағы "киіну бөлмесінің" суретін жариялады. Смағұлов ғимарат "қораға" көбірек ұқсайтынын атап өтті.

"Қабырғалар мен төбесінде ағашқа арналған қымбат бітеуіш пен майлы құраммен жақсартылған бояу. Жақсы линолеум және еденде ағаш ернеу бар. Қалыңдығы 78 миллиметр тығыздауышпен жасалған. Сондай-ақ, бөлме ортасы бөлінген (киіну бөлмесі қыздарға және ұлдарға арналған). Өкінішті, бірақ мұның бәрі осы нысанды қабылдаған шенеуніктердің қиялында және құжаттарда ғана" - деді Дидар Смағұлов.

Қоғам белсендісінің айтуынша, ол осы мәселе бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сауал жолдаған.

Tengrinews.kz редакциясы да Ақкөл қаласының әкімдігіне осы жағдайға қатысты пікір сұрап, ресми сауал жолдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети