08 желтоқсан 2022 15:51

Әкім Досаев мәйіттер табылып, нашақорлар жиналатын үйді бұзуды тапсырды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Ерболат Досаев алты жыл бұрын өртеніп кеткен үйді сүруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімі Ерболат Досаев алты жыл бұрын өртеніп кеткен үйді сүруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы әкімінің Медеу ауданы тұрғындарымен кездесуінде 2016 жылдың қазанында өртеніп кеткен қаңырап бос тұрған үй туралы айтылды. Тұрғындардың айтуынша, ол жерде қоқыс орны пайда болып, үй-күйсіз жүргендер түнеп, нашақорлар жиналатын болған. Олар бұл аумақтан бірнеше рет мәйіт шығарылғанын және 12 рет өрт шыққанын айтты.

Әкім қарамағындағылардан нысан кімнің балансында тұрғанын сұрады. Ол Алматы әкімдігінің Күрделі құрылыс кәсіпорнына тиесілі болып шықты.

"Бұған дейін бұл жерге инвесторлар іздестіру жұмыстары жүргізілген еді. Қазір аудан әкімімен келісім болса..." – деп КҚК өкілі жауап бере бастады.

Досаев оны тоқтатып, дереу нысанды бұзуды қолға алуды тапсырды.

"КҚК есебінен өздерің бұзуларың керек. Қаражат бар ғой? Бұзыңдар, сосын инвестор іздеңдер", - деді әкім.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети