29 маусым 2020 09:51

Әкімдік "Алматы облысында қайтадан блокбекет қойылады" деген хабарламаға жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz / Әлихан Сәриев © Tengrinews.kz / Әлихан Сәриев

Желіде қатаң карантин енгізілетіні және Алматы облысында қайтадан блокбекеттер қойылатыны туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты әкімдік баспасөз қызметі хабарламаға түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Танымал мессенджерлердің бірінде Алматы облысында карантинге байланысты қайтадан блокбекеттер қойылатыны туралы хабар тараған. Бұл - фейк ақпарат. Бүгінде облыс периметрі бойынша блокбекет қою жоспарда жоқ", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері. 

Жалпы облыс бойынша коронавирус жұқтырған 701 адам анықталған. Бір тәулікте тағы 20 адам тіркелді. 574 адам аурудан айығып шықты, өкінішке қарай, 1 адам қайтыс болды. 

Еске салайық, 27-28 маусымда көптеген облыс орталығында демалыс күндері шектеу енгізілді. Тұрғындарға себепсіз сыртқа шықпау ұсынылып, көптеген кәсіпорын жабылан болатын.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.4   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети