15 қазан 2021 09:48

Әкімдік Алматыдағы көлік кептелісімен қалай күресетінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Сурет Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматы қаласы әкімдігінде қаланың қай бөлігінде көлік кептелісі көп екені және оны шешудің жолы туралы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қаласы әкімдігінде қаланың қай бөлігінде көлік кептелісі көп екені және оны шешудің жолы туралы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Күз басталысымен Алматы тұрғындары кейбір аудандарда жиі кептеліс болуына шағымдана бастады. Алматылықтар Ремизовка мен Әл-Фараби көшелерінің қиылысына бағдаршам орнатылғаннан кейін бұл қиылыста кептеліс пайда болғаны туралы бірнеше рет шағымданған. Қала тұрғындары басқа аудандардағы кептеліске де шағымданған.

Қалалық мобильділік департаменті 29 қыркүйекке дейін Ремизовка мен Әл-Фараби қиылысындағы бағдаршамда басқару жүйесін реттеу жұмыстары жүргізілгенін хабарлады. Енді "Сұңқар" трамплин кешені жағынан жасыл белгінің жұмыс уақыты ретке келтірілді. Бағдаршамда көліктердің санын жазатын функция бар, ал жасыл белгінің ұзақ жануы әр бағыттан келетін көлік санына байланысты бірден белгіленеді. Әкімдік бұл жағдайды түзетеді және көлік кептелісіне оң әсер етеді деп санайды.

Қалалық мобильділік кеңсесі Жароков пен Тимирязев көшелерінің қиылысы, Мыңбаев пен Әуезов көшелерінің қиылысуы, сонымен қатар, Жароков, Гагарин даңғылы мен Розыбакиев көшелері сияқты бірнеше кептеліс мәселесі жиі болатын аумақтарды атады. Әкімдікте Жароков пен Тимирязев қиылысында кептелістің пайда болуына Жароков көшесінің шығыс бағытта солға бұрылатын ең шеткі жолағы көп мөлшердегі көліктерді қамтымайтындығынан болғанын атап өтті.

"Осыған байланысты Жароков пен Тимирязев қиылысындағы қозғалысты ұйымдастыруға тәжірибе түрінде өзгерістер енгізу жоспарланып отыр, Жароков көшесінің бойында  оңтүстік бағытта үш жолақ болады, екі жол - тура, оң жақтағы жолақ тек оң жаққа бағытталады",- делінген департаменттің ресми жауабында.

Басқарма басшысының орынбасары Ернұр Әбжахан да осы қиылыстарға 30 бағдаршам орнатылатынын айтты. Жобаның жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленген, жыл соңына дейін іске асыру жоспарланып отыр.

"Жиі кептеліс пайда болған кезде, Алматы қалалық ДП департаментінің әкімшілік полиция басқармасы бағдаршам қызметін іске асыратын мердігердің техникалық қызметіне кептеліс көп болатын аумақтарды тексеруге тапсырма береді. Нәтижесінде, бағдаршам схемасына өзгерістер енгізіледі", - деп толықтырды департамент.

Әкімдікте жол қозғалысын реттеу мақсатында Алматы бағдаршамдары автоматтандырылған қозғалыс жүйесіне қосылғаны айтылды. Қазірдің өзінде жүйеге 93 бағдаршам қосылды, 2021-2022 жылдары АТҚЖ-ға 357 бағдаршам нысанын қосу жоспарланып отыр. Жүйе белгілі бір уақыт аралығында қиылыстардағы қозғалысты реттеуі, бағыттар бойынша қозғалыстың нақты қарқындылығын ескере отырып, қозғалыс статистикасын есептеуі, бейімделген жүйеде кері санақ дисплейінің жұмысын дұрыстауы, мамандандырылған автокөліктерге рұқсат беруі керек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети