05 қыркүйек 2023 09:27

Әкімдік БҚО әкімінің облыстық спорт басқармасының экс-басшысымен түскен суретіне қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: facebook.com/lukich75 Сурет: facebook.com/lukich75

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы Мүсілім Оңдағановпен бірге түскен суретін түсіндірді. Әкімдіктің мәліметінше, "кадрда әкімнің қасында кез келген адам болуы мүмкін", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Батыс Қазақстан облысының әкімдігі облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы Мүсілім Оңдағановпен бірге түскен суретін түсіндірді. Әкімдіктің мәліметінше, "кадрда әкімнің қасында кез келген адам болуы мүмкін", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Facebook әлеуметтік желісінде БҚО әкімі Нариман Төреғалиевтің БҚО облысының бұрынғы басшысы Мүсілім Үндағановпен бірге түскен фотосуреті тарады.

Облыс әкімдігі редакцияның сұрауына 18 тамызда П.Атоян атындағы стадионда спорт күні кәсіби мерекесіне ұйымдастырылған салтанатты іс-шара өткізілгенін мәлімдеді.

Іс-шара аясында спорт ардагерлерінің, облыстың жетекші спортшылары мен спорт ұйымдарының салтанатты шеруі, спорт қызметкерлері мен ардагерлерін ведомстволық медальдармен, мәдениет және спорт министрлігінің, БҚО әкімдігінің, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының алғыс хаттарымен марапатталған. Салтанатты шараға төрт мыңға жуық адам қатысқан.

"Салтанатты іс-шараға шақырылған қонақтар тізімінде М. Оңдағанов болған жоқ. Сонымен қатар, облыс тұрғындары үшін іс-шара өтетін орынға кіру тегін болғанын хабарлаймыз. Осыған байланысты кадрда облыс әкімінің жанында кез келген азамат болуы мүмкін", - деп хабарлады әкімдік тілшінің ресми сұрауына.

Естеріңізге салайық, 2014 жылы ақпанда Оңдағанов қылмыстық топ құрып, бюджет қаражатын ұрлағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Кейінірек жаза мерзімі тоғыз жылға дейін қысқартылды.

Жазасын өтеу кезінде бұрынғы шенеунік тағы да жанжалдың ортасында қалды. Әлеуметтік желіде Оңдағановтың басқа тұтқындармен бірге қымбат алкоголь ішіп, теледидар алдында бесбармақ жеп отырған видеосы тарады.

2020 жылы тамызда Оңдағанов Қостанай облысындағы колониядан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. Ол жеті жыл үш ай жазасын өтеген, бұл мерзімнің 2/3 бөлігі. Алайда, 2020 жылы 19 тамызда Қостанай облыстық сотының қаулысы шығып, облыстың экс-басшысы қайтадан қамауға алынды. Оңдағанов 2023 жылдың 30 қаңтарында босатылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети