30 маусым 2021 17:08

Әкімдік "Керуен-сарай" төбесі құлаған сәттің видеосына түсінік берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістандағы "Керуен-сарай" төбесі құлаған сәттің видеосы әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов нысанда жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әлеуметтік желілерде Түркістандағы Керуен-сарай төбесінің құлағаны түсірілген видео тарап жатыр. Нысан басшылығының өтініші бойынша келушілер қауіпсіздігі сақтала отырып, жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әлеуметтік желі пайдаланушыларынан жалған ақпарат таратпауды сұраймын. Нысан жеке инвестициялар есебінен салынғанын еске салайын. Құрылыстың сапасына инвестор жауапты", - деп жазды облыс әкімінің орынбасары Facebook-парақшасында.

Орталық Азиядағы аса ірі көпфункционалды "Керуен-сарай" туристік кешенінің ашылу рәсімі 2021 жылғы 10 сәуірде өтті. Кешеннің құрылысы 2019 жылғы желтоқсанда басталған болатын. Нысан Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қарама-қарсы 20,5 гектар алаңда орналасқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети