1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Әкімдік Шахтинск басшысына қатысты тергеу туралы ақпаратқа жауап берді 03 қыркүйек 2021, 13:49

Қарағанды ​​облысының әкімдігі әлеуметтік желілерде Шахтинск қаласының әкімі Әскербек Халтоновқа қатысты соталды тергеу жүргізіліп жатыр деп
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Аскербек Халтонов. Фото:gov.kz Аскербек Халтонов. Фото:gov.kz

Қарағанды ​​облысының әкімдігі әлеуметтік желілерде Шахтинск қаласының әкімі Әскербек Халтоновқа қатысты соталды тергеу жүргізіліп жатыр деп тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әлеуметтік желілерде Әскербек Халтоновқа қатысты соталды тергеу жүріп жатыр деген ақпарат тарап жатыр. Бірақ бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Сондай-ақ, 2018 жылы тексеру жүргізілгенін, оның барысында қаржылық заңбұзушылықтар анықталмағанын хабарлаймыз", - делінген әкімдікте.

Халтонов 2021 жылы сәуірде Шахтинск қаласының әкімі болып сайланды. Бұған дейін ол Қарағанды ​​облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы болып жұмыс істеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram