1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Әкімдік вакцинадан қайтыс болды делінген алматылыққа қатысты пікір білдірді 06 мамыр 2021, 10:37

Алматы әкімдігі вакцинадан қайтыс болды делінген алматылыққа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Иллюстрация. © Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Иллюстрация. © Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алматы әкімдігі вакцинадан қайтыс болды делінген алматылыққа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ер адамның қайтыс болғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған болатын.

"Әлеуметтік желілерде Алматы тұрғыны Б.Н. өлімі жайлы ақпарат тарауда. Алматы қаласының әкімдігі марқұмның туыстарына көңіл айтады. Вакцина алғаннан кейін қайтыс болды деген ақпараттың тарауына байланысты қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы келесіні хабарлайды: "Азамат Б.Н., 1979 жылы туған, биыл 12 сәуір күні емханаға коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алу үшін жүгінген. Процедура хаттамаға сәйкес өтті. Екпеден кейін Б.Нұртазин 30 минут бойы бақылауда болған, ешқандай шағым жасамаған", - деді әкімдіктегілер.

Әкімдік жауабына сәйкес, қайтыс болған ер адам 21 күннен кейін вакцинаның екінші компонентін алған.

"Дәрігердің қарауы кезінде жағдайы қанағаттандырарлық болған, екпе процедурасынан кейін 30 минут бақылауда болып, Б.Нұртазин үйіне кеткен. Жағдайы үйінде нашарлаған. Жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған. Алдын ала болжамдарға сәйкес, жедел жүрек-қантамыр жетіспеушілігінен қайтыс болған. Қайтыс болу себептерін анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр, сот-медициналық сараптама басталды. Нәтижелер қосымша хабарланатын болады, нақты диагноз гистологиялық зерттеуден кейін белгілі болады", - деді әкімдіктегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Firebase Cloud Messaging