29 қыркүйек 2020 11:46

Әкімдіктегілер Алматы әуежайының жаңа терминалы қандай болатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының өкілдері әуежайда жаңа терминалдың салынуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының өкілдері әуежайда жаңа терминалдың салынуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімдіктің мәліметінше, жаңа үш қабатты ғимарат қолданыстағы терминал аумағында орналасады және барлық халықаралық стандартқа сәйкес келетін болады. Жалпы ауданы 55 мың шаршы метр болады. Бір жыл ішінде мұнда алты миллионға дейін жолаушы өтеді деп жоспарланып отыр. 

"Құрылыс компанияларына "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану" туралы заңға сәйкес өткен ғасырдың 30-жылдары салынған әуежайдың бірегей ғимаратын қайталанбас сәулеттік стилімен сақтау бойынша ұсыныстар берілді", - деді басқармадағылар.

Ведомство мәліметінше, құрылыс әлі басталған жоқ.

Әкімдіктегілердің сөзіне қарағанда, перронды кеңейту үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасы берілді, терминалдың эскизі әзірленіп жатыр, эскиздік жобаны дайындағаннан кейін құрылыс салушыға қоғамдық талқылау жүргізу ұсынылады, барлық қажетті құжат бекітілгеннен кейін ғана құрылыс басталады дейді.

Еске салайық, биыл мамырда Алматы әуежайы 415 миллион долларға сатылған болатын. Түркиялық TAV Airports Holding холдингі Алматы әуежайы акциясының жүз пайызын сатып алған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети