11 қыркүйек 2024 | 15:29

Әкімнің орынбасарлары ішімдік қойылған дастарханда видеоға түсіп қалған: жаңа мәліметтер

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті Кербұлақ ауданы әкімі орынбасары түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті Кербұлақ ауданы әкімі орынбасары түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылының тұрғыны түсірген видео пайда болған еді. Ол кезде кадрларда бірнеше ер адамның жұмыс уақытында мекемелердің бірінде үстел басында отырғаны көрсетілген. Әйелдің айтуынша, жазбада Жетісу облысы Кербұлақ ауданы әкімінің екі орынбасары мен Алматы облысы депутаттарының бірі түсірілген.

Жария болғаннан кейін іске Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қызметкерлері араласқан. Олар аудан әкімдігі қызметкерлерінің әрекеті мемлекеттік қызметшілердің этикалық талаптарын бұзу ретінде қарастырылғанын хабарлады.

"Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі" талаптарын бұзғаны үшін Кербұлақ ауданы әкімінің орынбасарларына қатысты тәртіптік істер қозғалды және қызметтік тергеулер жүргізіліп жатыр. Нәтижелер Жетісу облысының Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысында қаралады", - деп хабарлады облыстың Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті.

Бұл ретте департамент видеоға түсіп қалған мемлекеттік қызметкерлердің аты-жөнін көрсетпеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 484.48   531.35   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети