13 қазан 2015 16:53

Ақмола облысы әкiмiнiң жаңа орынбасары тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Облыс әкiмi Сергей Кулагиннiң өкiмiмен және Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң келiсiмiнiң негiзiнде Владимир Николаевич Балахонцев Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс сайтына сілтеме жасап.


Облыс әкiмi Сергей Кулагиннiң өкiмiмен және Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң келiсiмiнiң негiзiнде Владимир Николаевич Балахонцев Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс сайтына сілтеме жасап.

Владимир Балахонцев 1967 жылы туылған, екi жоғары бiлiмi бар, Уральск орман техникалық институтын орман шаруашылығы инженерi мамандығы бойынша, Қазақ мемлекеттiк заң академиясын заңгер мамандығы бойынша бiтiрдi.

Еңбек жолын 1991 жылғы сәуiрде Петропавл қаласының орман шаруашылығы кәсiпорнының орманды қорғау инженерi болып бастады. Осы кәсiпорнының бас орманшысы, кейiн директоры болып еңбек еткен. 2000-2002 жылдар аралығында Солтүстiк Қазақстан облыстық хайуанаттар және өсiмдiк әлемiн мемлекетiк бақылау аумақтық басқармасының бастығы, кейiн 2002 жылғы желтоқсаннан бастап Солтүстiк Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасының бастығы болып жұмыс жасады.

Әр жылдарда Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл және Жамбыл аудандарының әкiмi болды. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары болып қызмет атқарды. 2008 жылғы қараша мен 2012 жылғы мамыр аралығында Бурабай ауданының әкiмi, 2014 жылғы маусымнан бастап Солтүстiк-Қазақстан облысы "Заречное" ЖШС атқарушы директоры лауазымында еңбек еткен.

Мерекелiк медальдармен марапатталған. Бүгiн облыс әкiмi Сергей Кулагин әрiптестерiне жаңадан тағайындалған өзiнiң жаңа орынбасарын таныстырды. Өңiр басшысы Владимир Николаевичтiң жұмысына сәттiлiк тiледi.

Еске сала кетейiк, облыс әкiмiнiң бұрынғы орынбасары Дулат Нұрмолдин басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз қызметiнен босаған болатын. Дулат Нұрахметұлы бүгiнде Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети