26 қараша 2020 17:30

Ақмола облысы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов © Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ақмола облысының бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина өңір аумағында карантиндік шектеу шараларын одан әрі күшейту туралы қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақмола облысының бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина өңір аумағында карантиндік шектеу шараларын одан әрі күшейту туралы қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

18-25 қараша аралығында облыста коронавирустың 444 жаңа жағдайы тіркелгені хабарланды. Ең көбі Көкшетау мен Степногорскіде - сәйкесінше 804 және 147 жағдай.

Бас санитар дәрігер мыналарды қаулы етті:

Көкшетау (Красный Яр ауылы, Чайкино ауылы, Станционный ауылы) және Степногорск бойынша қозғалысты 21.00-ден 6.00-ге дейін шектеу. Өңірдің қалған елді мекені үшін қозғалыс 23.00-ден 6.00-ге дейін шектеледі.  

Облыста адамдар көп жиналатын отбасылық, естелік және өзге де іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге тыйым сақталады.

Ойын-сауық нысандары жоқ саябақтарға, алаңдарға және өзге де демалыс орындарына үш адамнан аспайтын топпен баруға рұқсат етіледі.

Жерлеу рәсімін өткізу кезінде кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 30-дан аса адамның (отбасы мүшелері) жиналуына жол берілмейді.

Көкшетау мен Степногорск әкімдеріне қалалардың карантиндік аймақтарына/аймақтарынан кіруге және шығуға тыйым салу тапсырылды. Бұл ретте Көкшетау мен Степногорск қалаларын қоспағанда, облыс тұрғындарының бір ауданнан/қаладан екінші ауданға тоқтаусыз жүріп-тұруына рұқсат етіледі.

Санитар бекеттер арқылы өтуге тиісті құжаттарды көрсете отырып медициналық көрсеткіштер бойынша келетін және кететін адамдарға; транзиттік жолаушылар мен жүктердің автотасымалдаушыларына; вахталық қызметкерлерді тасымалдайтын көлік құралдарына; коронавирус таралуының алдын алу жөніндегі іс-шараларға тартылған көлік пен адамдарға, ұйымдарға; тіршілікті қамтамасыз ететін кәсіпорын өкілдері мен көлігіне; тамақ және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің көлігі мен өкілі STOPCORONA.kz сайтында тіркелген жағдайда рұқсат етіледі.  

Айта кетейік, Tengrinews.kz редакциясы қаулыдағы барлық мәтінді жарияламайды. Құжаттың толық нұсқасы мына сілтеме бойынша қолжетімді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети