01 қыркүйек 2023 14:32

Ақмола облысында ауыл карантинге жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: pexels.com Сурет: pexels.com

Ақмола облысының Үшқарасу ауылында сібір жарасы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстың ветеринария басқармасына сілтеме жасап.


Ақмола облысының Үшқарасу ауылында сібір жарасы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстың ветеринария басқармасына сілтеме жасап.

28 тамызда Ақмола облысының СЭС департаменті Жарқайың ауданындағы ЖШС қызметкерлерінде сібір жарасы ауруына күдікті жағдайлардың тіркелгені туралы хабарлады.

ЖШС директорының айтуынша, 32 бас мал жойылған. Ет комиссиялық түрде тәркіленді.

"Есіл аудандық ауруханасының инфекциялық бөлімшесіне 12 адам жатқызылды. Сондай-ақ, байланста болған 22 тұлға Жарқайың ОАА медицина қызметкерлерінің бақылауында. Клиникалық көрініс пен зертханалық мәліметтерге сәйкес "Сібір жарасы" диагнозы қойылды. Пациенттер емдеуді клиникалық хаттамаға сәйкес детоксикация терапиясын қабылдап, антибиотикалық терапия жүргізіледі", - делінген хабарламада.

Санитарлық қызмет эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізіп жатыр. Ауданның бас мемлекеттік санитария дәрігерінің қаулысына сәйкес байланысқан адамдарға медициналық бақылау орнатылған.

Дезинфекция барлық тексерілген орындарда жүргізілді.

Жергілікті жерде СЭС, денсаулық сақтау, ветеринариялық бақылау комитеті аумақтық инспекциясы және ветеринария басқармасы қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Үшқарасу ауылының аумағында карантин жарияланды. Инфекция ошағын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сурет: gov.kz

"Аудандық полиция бөлімі Үшқарасу ауылына ауыл шаруашылығы өнімдерін әкетуді шектеу үшін бекеттер қойды. Ауылға кіріп, шығу орындарында полиция нарядтары қойылды, кіретін және шығатын көлік пен халық тіркеледі", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Қостанай облысының тұрғындары сібір жарасын жұқтырған қорқынышты кадрлары тараған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети