25 қаңтар 2020 09:09

Ақмола облысында қасқырды атып өлтірген ер адам жазаланды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: elements.envato.com Сурет: elements.envato.com

Ақмола облысында ер адам қасқырды атып өлтірді. Қазіргі уақытта облыста жыртқышты атуға мораторий жарияланған. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. 


Ақмола облысында ер адам қасқырды атып өлтірді. Қазіргі уақытта облыста жыртқышты атуға мораторий жарияланған. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. 

Аталған дерек сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіліміде Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 337-бабы (Заңсыз аңшылық) бойынша қылмыстық құқық бұзушылық негізінде тіркелді.

57 жастағы Степногорск қаласының тұрғыны "Лесостепное" орман шаруашылығының аумағында қасқырды атып өлтірген. Аңшының айтуынша, орман шаруашылығында жабайы қабанның таланған денсін тапқан. Ізімен жүріп келіп, қашып бара жатқан қасқырды байқап, жыртқыштың бүйірінен екі рет оқ атқан. Қасқырдың өлгеніне көз жеткізіп, көлігінің жүксалғышына салып алған.

Бұл жыртқыш түрінің азаюына байланысты Қазақстанның бірқатар облыстарында шектеулер енгізілген, яғни қасқырларды атуға мораторий жарияланған. Атап айтқанда, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстарында және БҚО-да қасқырлар малға шапса және тұрғындардың аумағына кірсе ғана оларды өлтіруге рұқсат етіледі.

Еске салсақ, 6 қаңтардан бастап облыс аумағында "Браконьер" жедел-алдын алу шарасы өткізілді. Өткен мерзімде экологиялық полиция қызметкерлері 140 әкімшілік және 5 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети