Ақмола облысында мектепке заңсыз кірген 19 жастағы тұрғын ұсталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры видео кадры

Ақмола облысының Ақсуат ауылында 19 жастағы тұрғын жергілікті мектепке заңсыз кірген. Оқиғаға қатысты полиция пікір білдірді - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ақмола облысының Ақсуат ауылында 19 жастағы тұрғын жергілікті мектепке заңсыз кірген. Оқиғаға қатысты полиция пікір білдірді - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz редакциясына оқырман хабарласып, 10 сәуірде Ерейментау ауданы Ақсуат ауылындағы мектеп ғимаратына қолына пышақ ұстаған жігіт кіріп кеткенін айтты. Оның айтуынша, оқиға шамамен таңғы сағат 7-де болған. Редакцияға келген кадрларда сағат 06:58 көрсетілген. Ол кезде мектепте сабақ әлі басталмаған, балалар болмаған. Сонымен қатар, күзетші де орнында болмапты.

Оқырман ұсынған скрин

"Жігіт мектеп ішінде пышақ ұстап шамамен 20 минут жүрген. Бұл уақытта әдетте балалар мен мектеп қызметкерлері келе бастайды. Абырой болғанда, ешкім болмады. Ал егер бала келіп қалса ше? Ал мектеп ішінде пышық ұстаған адам жүр. Күзетші де жоқ", – деп жазды оқырман.

Ақмола облыстық Полиция департаменті мектепке белгісіз адамның кіргені туралы ақпаратты растады.

"10 сәуірде сағат 07:00-де, сабақ уақытына дейін, Ерейментау ауданы Ақсуат ауылындағы орта мектептің аумағына 19 жастағы жергілікті тұрғын кірген. Полиция қызметкерлері оны жедел ұстады және дәрігерлердің қарауынан кейін Степногорск қаласындағы психиатриялық ауруханаға жатқызылды. Оқиға кезінде мектепте оқушылар мен мұғалімдер болмаған, өйткені сабақ 08:30-да басталады. Орта мектеп әкімшілігімен осындай жағдайлардың алдын алу бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілді", – деді полиция өкілдері.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Егер білім беру мекемесінде күзетті қамтамасыз ету бойынша заңбұзушылықтар анықталса, полиция тиісті шаралар қолданатынын айтты.

"Ұстау кезінде азаматтың үстінен тыйым салынған заттар не суық қару табылған жоқ. Дегенмен, бұл ақпарат мұқият тексеріліп жатыр", – деп қосты департамент өкілдері.

Полиция жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік бар екенін еске салып, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді ұсынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 510.06  course down  571.67  course up  6.32  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer