Ақмола облысында Ми-2 тікұшағы жерге қатты қонған 22 қыркүйек 2017, 09:14

Ақмола облысында "Тянь-Шань" әуекомпаниясының Ми-2 тікұшағы жерге қатты қонды. Экипаждағылар аман қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.
Жалғасы
"ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті...бүгін, 2017 жылдың 22 қыркүйегінде "Тянь-Шань" әуекомпаниясына тиесілі тікұшақтың жерге қатты қонғанын және экипаждағылардың аман қалғанын хабарлайды", - делінген хабарламада.
Төтенше жағдайдың басқа мән-жайы айтылмады.