Ақмола облысында сібір жарасының сегіз жағдайы расталған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында сібір жарасының сегіз жағдайы расталған Фото:depositphotos.com

Ақмола облысында сібір жарасын жұқтырғандар саны артты. Науқастардың бірі ауыр жағдайда жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына жауап ретінде Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы – Қазақстанның Бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенованың мәліметінше, соңғы деректер бойынша Ақмола облысында сібір жарасының зертханалық расталған 8 жағдайы тіркелген.

"Науқастар тиісті ем қабылдап жатыр, олардың бірінің жағдайы тұрақты ауыр, Көкшетаудағы Жұқпалы аурулар орталығында стационарлық ем алып жатыр. Сібір жарасының зертханалық расталған жағдайлары арасында медицина қызметкерлері тіркелмеген", – делінген Бейсенованың қолы қойылған комитет жауабында.

Ведомство мәліметінше, ауру ошағында толық көлемде эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілген. Жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында.

"Биылғы алты айда республика бойынша сібір жарасының 14 расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде Ақмола облысы бойынша – 8 жағдай. Сібір жарасынан қайтыс болғандар тіркелген жоқ", – деді комитет өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +23
Астана +18
Ақтау +25
Ақтөбе +20
Атырау +26
Б
Балқаш +23
Ж
Жезқазған +20
Қ
Қарағанды +19
К
Көкшетау +18
Қ
Қостанай +29
Қызылорда +23
П
Павлодар +18
Петропавл +24
С
Семей +23
Т
Талдықорған +24
Тараз +30
Түркістан +20
О
Орал +21
Ө
Өскемен +27
Ш
Шымкент +27

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер