14 сәуір 2022 13:20

Ақмола облысында тәрбиеші 2 жасар баланы балабақшада қамап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған скриншот Видеодан алынған скриншот

Ақмола облысының Қосшы қаласында тәрбиеші баланы балабақшада қамап, қалдырып кеткен. Ақмола облысы білім басқармасы оқиғаға түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақмола облысының Қосшы қаласында тәрбиеші баланы балабақшада қамап, қалдырып кеткен. Ақмола облысы білім басқармасы оқиғаға түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео авторы жіберген кадрларда тәрбиеші баланы құлыптап тастап кеткенін айтады да зәулім балабақшаны көрсетеді.

"Тәрбиеші үйінен келді таксимен. Бала бұтына жіберіп қойған, іште жатыр. Баланы ұмытып кететін де балабақша болады екен ғой? Соншалық жуапкершілігі жоқ па?", - дейді видео авторы.  

Ақмола облысы білім басқармасы баспасөз қызметі оқиға 12 сәуірде болғанын хабарлады. "Болашақ" жекеменшік балабақшасының тәрбиешісі 2 жастағы Мейіржанды балаларды үйге таситын шағын автобус келгенде балабақшада қалдырып кеткені анықталды.

"Сағат 18:40-та тәрбиеші балаларды шағын автобусқа отырғызып жатқанда, Мейіржан топқа оралған, оны балабақшаның ішкі бақылау камераларындағы жазба дәлелдейді. Тәрбиеші Мейіржанның жоқ екенін 19:20-да оны ағасына тапсыру керек кезде байқаған. Кейін бірден анасына кешірім сұрап хабарласып, балабақшаға барды, онда бала балабақша холлында ұйықтап жатқанын көрді", - делінген хабарламада.

2 жасар баланың анасы Қосшы қаласының полициясына осы дерек бойынша ешкімге шағымы жоқ екені туралы жазбаша өтініш жазғаны хабарланды.

"13 сәуірде білім бөлімі осы деректі анықтау бойынша жұмыс тобын құрды. Тексеру қорытындысына сәйкес, жұмыс тобының ұсынысы бойынша құрылтайшы Жұмабай меңгерушісі Балтабаеваға қатаң сөгіс жариялады. Ал тәрбиеші Абдуалиева жұмыстан шығарылды", - деді білім басқармасындағылар.

Бүгінде бала анасының арызы бойынша Қосшы қаласының полиция бөлімінде ҚР 119-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети