23 қаңтар 2014 12:49

Ақмола облысында зейнеткер әйел үсіп өлді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Ақмола облысында 62 жастағы әйел адам далалықта үсіп өлді деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Зейнеткердің мәйіті қаңтардың 21-і күні Астрахан ауданы Заречный елді мекенінен екі шақырым қашықтықтан табылды. Алдын ала болжам бойынша, әйел үсіп кетуінің салдарынан қайтыс болған. Қыс басталғалы далада үсіп өлу деректерінің жиілегенін айта кету керек. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бұған дейін мұндай қайғылы оқиғалар Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе облыстарында тіркелді. Өткен тәулікте Қазақстанда 250 адам қар құрсауынан құтқарылды. Зардап шеккендер жоқ. Қаңтардың 22-сіне қараған түні Алматы - Екатеринбург тас жолының Ақмола облысындағы Жалтыр және Қалқұтан елді мекендері арасындағы учаскесінде 150 жолаушысы бар 125 автокөлік тұрып қалған. Қазіргі уақытта жол қардан түгел тазартылып, машиналар барар жеріне жетті. Ал осы Алматы - Екатеринбург жолының Қарағанды облысындағы учаскесінде Шымкенттен Астанаға жол тартқан Vanhool автобусы тұрып қалды. Бұған көліктің бір бөлшегінің істен шығуы себеп болды. Салонда 50 жолаушы болған, олардың жартысы жол-жөнекей көліктермен кетіп қалды. Қалған жолаушылар "Шымкент" кемпингіне жеткізілді. Алматы - Екатеринбург жолында тап осындай маркалы тағы бір автобустың жолаушылары құтқарылды. Жолы болмаған 50 адам - Өзбекстан азаматтары. Гастарбайтерлер Ташкенттен шығып, Нижний Новгородты бетке алған. Олар мінген көліктің электр жабдығы бұзылыпты. Жолаушылар Ақсу-Аюлы елді мекеніне жеткізіліп, Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне орналастырылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети