16 маусым 2016 11:58

Ақмола облысындағы лагерьде қайтыс болған оқушы жайлы оқиғаның жай-жапсары айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Полиция қызметкерлері Ақмола облысындағы сауықтыру лагерінде оқушы қыздың қайтыс болуына қатысты істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrienws.kz тілшісі облыстық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап.


Полиция қызметкерлері Ақмола облысындағы сауықтыру лагерінде оқушы қыздың қайтыс болуына қатысты істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrienws.kz тілшісі облыстық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап.

15 маусым күні кешке полицияға ауруханаға апара жатқан жолда 2002 жылғы қыздың қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түскен. "Сағат 18.20 шамасында сауықтыру лагерінің территориясында ғимараттан далаға жүгіріп шығып бара жатқан қыз бала қолымен есікке соққан. Салдарынан қыздың маңызды ағзалары зақымданды. Алған жарақаты салдарынан кәмелетке толмаған қыз жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды", - деді полиция өкілдері.

Қазір "Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау" бабы бойынша тергеу амалдары басталды. Бірнеше сараптама тағайындалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети