Ақорда Facebook әлеуметтік желісіндегі жұмыс форматын өзгертеді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақорда Facebook әлеуметтік желісіндегі жұмыс форматын өзгертеді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президенттің баспасөз қызметінің 23 қазаннан бастап Facebook желісінде AkordaBaspasoz атты жаңа парақшаны іске қосқалы отырғаны жазылған. Парақшадағы материалдар мемлекеттік тілде жарияланатын болады. Бұл арқылы елдегі және шет елдердегі қазақ тілді сайт пайдаланушылары үшін Мемлекет басшысының қызметі туралы маңызды әрі қызғылықты ақпараттар алуға мүмкіндік туады.
Сонымен қатар, қолданыстағы AkordaPress контентінің тиісінше орыс тіліндегі жұмыс режіміне көшетіні айтылады. Аккаунттар мазмұны әркелкі аудиторияның сұранысына бейімделетіндіктен, жаңалықтардың берілу формасында айырмашылық болады екен. "Біз уақыт талабына сай болуға тырысып, азаматтар күткен үдеден шығуға бағыт ұстап отырмыз. Пайдаланушылар бұл өзгерістерге лайықты бағасын береді деп сенемін", - деді Дәурен Абаев.