24 қазан 2016 16:29

Ақорда Назарбаевтың қажылыққа барған видеосын жария етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеоның кадры Видеоның кадры

Президенттің баспасөз қызметі Желіде Мемлекет басшысының Сауд Арабиясына сапары мен қасиетті Қағбаға барған кезі түсірілген видеоны жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президенттің баспасөз қызметі Желіде Мемлекет басшысының Сауд Арабиясына сапары мен қасиетті Қағбаға барған кезі түсірілген видеоны жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Нұрсұлтан Назарбаевтың Сауд Арабиясына алдағы ресми сапарына байланысты сіздердің назарларыңызға 2012 жылы түсірілген "Галстуксыз үлкен саясат" деректі фильмін ұсынамыз. Онда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1994 жылы алғаш рет Эр-Риядқа барған сапарындағы маңызды сәттер айтылады", - делінген жарияланған хабарламада.

"Сауд Арабиясына алғаш рет барғанымда король Патх Ас Сауд менің бірінші рет қажылыққа келіп отырғанымды естіп, Қағбаның ішіне кіруге рұқсат берді. Ал Дін істері министрі болса, мұны естіп тіпті орнынан тұрып кетті. Сонда министрдің "Қағбада қазір жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр ғой. Біз онда тіпті Ислам мемлекеттерінің басшыларын кіргізе алмадық қой" дегеніне король былай деп қысқа жауап қайтарды: "Мен сіздерге тапсырдым". Министр басын изеді. Содан король мені көлікке дейін шығарып салды. Қоштаса тұрып, мені қажылыққа шақырды. Бізге арнайы мешіт ашты. Сонда өзімді қалай сезінгенімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Менен "Cонда сіз не тіледіңіз?" деп сұрақ қойды. Құдай көріп тұр, бәрінен бұрын мен еліме, халқыма бірлік тіледім" деп келтірілген видеода Назарбаевтың сөзі.

Еске салайық, осыған дейін Назарбаевтың Сауд Арабиясына баратыны жайлы хабарланған болатын. Қазақстан Президентінің Сауд Арабиясында 24 және 25 қазанда болатыны айтылған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети