25 қазан 2016 08:52

Назарбаев Медина қаласындағы Мұхаммед Пайғамбар мешітінде намаз оқыды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ақорда © Ақорда

Қазақстан Президенті Сауд Арабиясы Корольдігіне ресми сапармен келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 


Қазақстан Президенті Сауд Арабиясы Корольдігіне ресми сапармен келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Медина қаласына келісімен Нұрсұлтан Назарбаев провинция губернаторы Ханзада Фейсал бен Салман Әл Саудпен екіжақты кездесу өткізді.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Медина қаласындағы Мұхаммед Пайғамбар мешітіне барып, намаз оқыды, сондай-ақ Масджид ан-Набави мешітінің сәулетімен және интерьерімен танысты.

Одан кейін Қазақстан Президенті Сауд Арабиясы Королі Салман бен Әбдел Әл Саудпен келіссөздер нәтижесі бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отырған Эр-Рияд қаласына келді.

Сапар барысында Сауд Арабиясы Корольдігінің тағы бірқатар ресми тұлғалары мен іскер топтары өкілдерімен кездесулер өткізу қарастырылған.


© Ақорда

Еске салайық, осыған дейін Назарбаевтың Сауд Арабиясына баратыны жайлы хабарланған болатын. Қазақстан Президентінің Сауд Арабиясында 24 және 25 қазанда болатыны айтылған еді. Кейін Ақорда Назарбаевтың қажылыққа барған видеосын жария етті. "Нұрсұлтан Назарбаевтың Сауд Арабиясына алдағы ресми сапарына байланысты сіздердің назарларыңызға 2012 жылы түсірілген "Галстуксыз үлкен саясат" деректі фильмін ұсынамыз. Онда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1994 жылы алғаш рет Эр-Риядқа барған сапарындағы маңызды сәттер айтылады", - делінген жарияланған хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети