1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Ақорда Президенттің маңызды мәлімдемесі не жайлы болатынын айтты

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына маңызды мәлімдеме жасайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Бүгін 19:00-де Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауына байланысты республикалық телеарналардың эфирінен мәлімдеме жасайды", - делінген Ақорданың хабарламасында.

Осыған дейін Ақорда Tengrinews.kz тілшісінің Мемлекет басшысының алдағы жоспарлары жайлы сұрағына жауап бере отырып, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына маңызды мәлімдеме жасайтынын хабарлаған еді.