Ақорда "Таза Қазақстан" акциясы туралы деректер жариялады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Әли Ғалым Фото: Әли Ғалым

Ақорданың баспасөз қызметі "Таза Қазақстан" экологиялық акциясының қорытындысын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ақорданың баспасөз қызметі "Таза Қазақстан" экологиялық акциясының қорытындысын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 6 сәуір мен 11 мамыр аралығында су тасқыны болмаған өңірлерде "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы өтті.

Аталған бастаманы қолдау мақсатында апта сайын "Таза өлке", "Киелі мекен", "Жасыл аймақ", "Өнегелі ұрпақ" және "Мөлдір бұлақ" атты шаралар ұйымдастырылып, елді мекендердің аумақтарын көгалдандыру, санитариялық тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша акцияға 2,4 миллионға жуық адам, соның ішінде еріктілер, қоғам қайраткерлері, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен кәсіпкерлер қатысты. Жүздеген мың аула мен 20 мыңнан астам әлеуметтік нысанның аумағы тазартылды, 900 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды, шамамен 2,5 миллион көшет отырғызылды. 4,6 мыңнан астам қоғамдық орындар, саябақтар, шағын бақтар абаттандырылды. Шамамен 300 мың шаршы метр көше-жол жабыны (плитка, кеспе тас және т.б.) жөнделді және ауыстырылды. 5 мыңнан астам тарихи-мәдени нысан және 758 субұрқақ ретке келтірілді.

Сонымен қатар өзендер мен көлдердің және басқа да су айдындарының айналасындағы 5,8 миллион шаршы метрден астам аумақ, 8,4 миллион метрден астам арық тазартылды.

Аталған іс-шараға 40 мыңнан астам арнайы техника тартылды.

Сонымен қатар су деңгейі төмендеп, қауіп-қатердің азаюына байланысты су тасқыны болған өңірлердің әкімдіктері биылғы маусым айынан бастап республикалық экологиялық акцияға қосылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.

Қазіргі уақытта Президенттің тапсырмасына сәйкес Үкімет Халық арасында экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеуге кірісті. Құжат биылғы 1 қыркүйекке дейін дайындалады. Бекітілген тұжырымдаманы жүзеге асыру үшін әкімдіктер алдағы 5 жылға арналған тиісті өңірлік жоспар қабылдайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.06  course up  533.94  course up  5.31  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer