19 сәуір 2019 10:56

Ақордада алдағы күндері Тоқаевтың кімдермен келіссөздер жүргізетінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Ақорда сайтында Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін шаралардың аңдатпасы жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақорда сайтында Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін шаралардың аңдатпасы жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сәуірдің 21-23 күндері Қазақстанға Корея Республикасының Президенті Мун Чже Ин алғашқы мемлекеттік сапарымен келеді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Корея басшысымен келіссөздер жүргізу барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалар бойынша екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі ахуалы мен перспективаларын, сондай-ақ, бірқатар аймақтық және халықаралық өзекті мәселелерді талқылайды.

Сондай-ақ, сәуір айының 24 күні Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келетін Мажарстанның премьер-министрі Виктор Орбанмен келіссөздер өткізеді.

Екі жақты кездесудің бағдарламасы бойынша қазақ-мажар ынтымақтастығына және аймақтық, халықаралық ахуалға қатысты бірқатар өзекті мәселелер талқыланады деп күтілуде. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети