26 ақпан 2014 18:32

Ақордада Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Аkorda.kz ©Аkorda.kz

Ақордада Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап. Отырыста Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік стратегиясының орындалуы мен EXPO-2017 көрмесін өткізу мен оның дайындығы кезеңінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. "Бұрынғыдай, халқымыздың әл-ауқатын біртіндеп жақсартуды қамтамасыз ете отырып және экономиканы дамыта отырып, сабырлы күйде даму қажет. Соңғы кездегі оқиғалар жекелеген арандатушылардың елдегі ахуалға әсер ете алатынын көрсетті. Ақпараттық технологиялар қазір жаңаша жұмыс істейді, біз де соған сәйкес әрекет етуіміз керек", - деді Назарбаев. "Әлем қарыштап өзгеріп келеді, бізге жоспарларымызды, келешектегі әрекеттерімізді тиісінше өзгертуді талап ететін жаңа жағдайлар пайда болып жатыр. Бүгінде әсер ету әдістері, ақпараттық технологиялар мен оларға қарсы тұрудың амалдары өзгерді. Көріп отырғанымыздай, қазірде конституциялық құрылысымыз, егемендік, мемлекеттің аумақтық тұтастығы жаңа деструктивті әсерлерге ұшырауда. Соған байланысты Қазақстанға өте мұқият әрі сақ болу қажет", - деп атап өтті Мемлекет басшысы. Президент елдегі ішкі тұрақтылықтың, төзімділік пен халық сенімінің маңызын баса айтты. "Елдегі тұрақтылық, жалпыға ортақ теңдік, азаматтар құқығының сақталуы біздің қызметіміздің басты бағыттары болуы тиіс. Қалғанының бәрі осыларға негізделеді. Мен соны қатаң қадағалап отырамын, басқалар да солай етуі керек. Сондай әдіспен біз кез келген қиындықты жеңіп шығамыз", - деді Елбасы. Отырыс барысында Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Қайрат Қожамжаров баяндама жасады. Ол жаңа жағдайлар мен қауіптерді ескере отырып, ұлттық қауіпсіздік стратегиясына түзетулер енгізу міндеті қойылғанын атап өтті. Назарбаев өз кезегінде EXPO-2017 көрмесін өткізудің қауіпсіздік шаралары кезінде кейбір негізгі қағидаларды сақтауға жиналғандар назарын аударды. "Біріншісі - Қазақстанға қоғамдық қауіпсіздік саласындағы үздік әлемдік тәжірибені тарту. Екіншісі - көрменің барлық қатысушысы мен қонақтарына жайлы жағдай жасауды қамтамасыз ету. Үшіншісі - қауіпсіздіктің бірыңғай ережелері мен нормаларын енгізу. Төртіншісі - өкілетті мемлекеттік органдардың жауапкершілігі мен олардың өзара тиісті әрекет етуін нақты ажырату", - делінген Ақорда сайтындағы хабарламада. Мемлекет басшысы бұл орайда алда келе жатқан көрменің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары аясында мемлекеттік органдардың өзара байланысын ұйымдастыру үшін ішкі істер министрінің жетекшілік етуімен ведомствоаралық арнайы штаб құруды тапсырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети