Ақордада Назарбаев пен Лукашенко кездесті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Александр Лукашенко мен Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: akorda.kz Александр Лукашенко мен Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: akorda.kz

Ақордада Қазақстан Президенті елімізге жұмыс сапарымен келген Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенкомен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ақордада Қазақстан Президенті елімізге жұмыс сапарымен келген Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенкомен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесу барысында мемлекет басшылары сауда-экономика, инвестиция, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты қамтитын Қазақстан-Беларусь қарым-қатынасының негізгі мәселелерін талқылады. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенко халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар жөнінде пікір алмасты.

Қазақстан Президенті екіжақты ынтымақтастық аясында елдеріміз қол жеткізген барлық уағдаластықтар табысты орындалып жатқанын атап өтті. Осыған байланысты Мемлекет басшысы екі елдің көптеген бірлескен кәсіпорындары жұмыс жүргізіп жатқанына назар аудара келіп, бұл істің алдағы уақытта да жалғасатынын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Беларусь президентінің Украина дағдарысын реттеу ісіндегі үлесіне тоқталып өтті. "Болып отырған тайталастың ешкімге пайда бермейтіні жөніндегі біздің ұстанымдарымыз толығымен үндеседі", – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті үш мемлекет басшысының алдағы кездесуі ынтымақтастықтың қазіргі кездегі өзекті және перспективалық мәселелерін талқылауға мүмкіндік беретінін айтты. Лукашенко өз кезегінде екіжақты сауда-экономикалық өзара іс-қимылды бұдан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті. Беларусь президенті Қазақстандағы алда тұрған президент сайлауының жайына тоқталды. "Қазақстан халқы Сізге зор ілтипатпен және ерекше жылылықпен қарайтынын білемін. Біздің де Сізге деген көзқарасымызды білесіз. Біз Сізге тілекшіміз және жеңіс тілейміз", – деді Лукашенко.

Еске салайық, 20 наурыз күні Астанада Қазақстан, Беларусь және Ресей президенттерінің үшжақты кездесуі өтеді. Мемлекет басшылары үш елдің өзара сауда және экономикалық ықпалдастығын тереңдету мәселелерін қарастырады. Сонымен қатар президенттер әлемдік экономиканың даму үрдістерін және Украинадағы ахуалды талқылайды.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 533.33  course up  619.98  course up  6.8  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer