14 мамыр 2016 19:26

Ақпарат және коммуникация министрінен "батыс агенттері" туралы деректерді тексеру сұралды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Скриншот Скриншот

Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевтан жер реформасына наразылық білдірген қазақстандық белсенділерді белгісіздер қаржыландырып жатыр делінген деректерді анықтау сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевтан жер реформасына наразылық білдірген қазақстандық белсенділерді белгісіздер қаржыландырып жатыр делінген деректерді анықтау сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев. © Tengrinews.kz

"Мен өз пікірімді айтқым келеді. Мұнда бізде жаңа министр бар, Дәурен Абаев мырза, соңғы күндері көшеге шығып жатқан адамдар батыс агенттері деп таныстырылып жатыр, оларды батыстың агенттері дейді, олар 100-150 доллар алады делінді, мұны кейбір телеарналар айтып жатыр. Меніңше, егер солай таратып жатқан журналистердің дәлелі болса, оны бізге көрсетсін. Ал егер мұндай дәлелдері болмаса, қандай да бір шараларды жүргізу қажет. Меніңше, сіз министр ретінде шара қабылдауыңыз керек, біздің сізге осындай өтінішіміз бар", - деді жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші отырысы кезінде Болатхан Тайжан қорының президенті Мұхтар Тайжан.


Болатхан Тайжан қорының президенті Мұхтар Тайжан

Соған қарағанда, Мұхтар Тайжан "Еуразия" Бірінші арнасының шығарылымдары жайлы айтып отырған болуы мүмкін. Сәуір айының соңында бұл телеарнада "Қазақстанда айдап салулар үшін жақсы төленді" деген атаумен видео жария болған еді, тілшілерінің айтуынша, рұқсат етілмеген қазақстандық белсенділердің әрқайсысына 50-150 доллар аралығында ақша төленген.

Сол кездің өзінде бұл мәлімет әлеуметтік желілерде дау туғызған еді. Қолданушылар бұл деректердің күдік туғызатынын айтқан болатын. 

Ал 14 мамырда "Еуразия" телеарнасы "белсенділерді қаржыландыру" тақырыбында видео жария етті. Ролик "Заңсыз жиындардың қаржыландырғанының дәлелдері" деген атаумен шықты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети